Оқ атқан адам өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ тірі қалған. Полиция оны ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді.
Оның құрбандары мектеп директоры, хатшысы және мұғалім болды. Жазғы демалыс кезінде оқушылар мектепте болмаған.
Полиция мәліметінше, оқ атқан адам мектепте еден жуушы болып істеген. Жергілікті N1 телеканалы мектеп қызметкерлеріне сүйеніп, еден жуушы мен басшылық арасында кикілжің туған. Ол 1990 жылдардағы азаматтық соғыстан кейін психологиялық травма алған.
Associated Press басылымының жазуынша, 1990 жылдары Балқан аймағында болған азаматтық соғыстан кейін көптеген тұрғындарда тіркелмеген қару қалып қойған. БҰҰ-ның 2010 жылы зерттеген мәліметі бойынша, Босния және Герцеговинада сол кезде 750 мың қару болған.