Бірнеше жылдан бері аптап ыстықтан Тинсилт көлі тартылып жатыр. Қоқиқаз балапандаған өңірдің де бір айдың ішінде суы құрғап қалған. Ересек қоқиқаздар ондаған жұмыртқасын тастап, ұшып кеткен. Көбі қатты ыстықтан өліп қалды.
Бұл жағдайды жергілікті фотограф Тарек Кавайлия байқап, құтқару шарасын ұйымдастырды. Құстарға көмек қолын созған еріктілер үш жүзге жуық балапанды құтқарып қалды.
Кавайлия бірнеше сағаттан кейін, құтқарылған балапандар жанына ұшып кеткен қоқиқаздар оралғанын жазды.
Биылғы жыл да бұл өңірде қатты ыстық қайталанып жатыр. БҰҰ мамандары мұның себебін климаттың өзгеруімен байланыстырады.