Ссылки доступа

Өзбекстанда тәжіктілді журналист "сепаратизммен" айыпталып жатыр


 Салим Иномзода
Салим Иномзода

Өзбекстанда 58 жастағы тәжіктілді журналист Салим Иномзода "қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірген материалдарды таратты" деген айыппен ұсталды. Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады.

Иномзода "Овози точик" ("Тәжік үні") басылымында істеген. Ол Фейсбукта 15 мың жуық жазылушысы бар "Өзбекстан тәжіктері" тобын құрған. Онда Өзбекстандағы тәжік мәдениеті және тәжіктер мен өзбектердің мәдени байланысы туралы материалдар жарияланып тұрады.

2022 жылдың қазанында Салим Иномзода әлеуметтік желілерде тәжік әншісі Афзалшо Шодиевтің "Самарқанд және Бұхара" туралы материалын жариялаған. Онда Самарқанд тәжіктердің және парсылардың отаны екені айтылады. Өзбекстанның құқық қорғау органдары" мұны "сепаратизм белгілері бар" деп тапқан.

XS
SM
MD
LG