Мемлекет кірісіне 160 мың тонна темір рудасы кені алынған. Оның құны 48,2 млн долларға бағаланған. Сонымен бірге "Петер-Сервис Украина" компаниясының 100 пайыз жарғылық капиталын алған. Бұл Усмановтың бақылауындағы IT-компания.
2022 жылы Украинаның Қауіпсіздік қызметі темір рудасын бұғаттап тастағанын мәлімдеген. Ол жерде теңіз порты арқылы Ресейге тауар жөнелтпек болғаны айтылады.
Алишер Усманов – Ресейдің ең бай адамдарының бірі. Forbes бағасы бойынша, оның байлығы 13,4 млрд еуроны құрайды. Осыған дейін Алишер Усмановтың Германияда қарындасының Dilbar деп аталатын 588 млн доллар болатын яхтасы тәркіленген.