Оның айтуынша, ресми шақырту дайын, жақын күндері жолданады.
Ресей шақырту алатын елдер қатарына кірмейді. Ермактың айтуынша, Ресей Швейцариядағы саммитте әлемнің жетекші елдері Украина бойынша нақты жоспар қабылдағаннан кейін ғана шақырту алуы мүмкін.
Саммит қашан өтетіні белгісіз. Бұның алдында Швейцария билігі, Украинаның сұрауымен, мұндай форумды жазға қарай ұйымдастырғысы келетінін мәлімдеген.
Украина президенті Владимир Зеленский ұсынған «бейбітшілік формуласы» Ресей әскерін Украинадан толық шығарып, 1991 жылғы шекараны қалпына келтіруді қарастырады. Ресей билігі мұндай формулаға қарсы шығып, Украина жөніндегі жоспарды Кремльдің қатысуынсын талқылануын қабылдамай отыр. Ресей президенті Владимир Путин Украинада «жаулап алынған» жерлерден бас тартпайтынын екі мәрте мәлімдеген.