«Осы екі ел үшін маңызды сәттің қарсаңында тұрмыз. Бәріміз бірге үлкен әрі болашағы зор Еуропаны құра аламыз. Жол оңай емес, бірақ мүмкіндігі мол» деп мәлімдеді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.
14 маусымда Еуроодақ Украина мен Молдованың ұйымға қосылу жөніндегі келісіздер ретін бекітті. Осы істің басталғаны сейсенбі күні Еуроодақтың үкіметаралық конференциясында жарияланады. Алайда келіссөздердің өзі алдағы бірнеше айда бастала қоюы екіталай, деп жазды АР. Келіссөздердің басталуының өзі екі елдің жақында ЕО құрамына қабылданатынын білдірмейді.
Украина Еуроодаққа 2030 жылға қарай қосылғысы келеді, бірақ ол үшін ондаған реформа жүргізуі тиіс. Олардың арасында сыбайласқан жемқорлықпен күрес, сонымен бірге мемлекеттік басқару және сот жүйесін реформалау да бар.
Сәуірдің аяғында Украина президенті Владимир Зеленский Киев ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді бастау үшін алғышарттардың бәрін орындағанын мәлімдеген.
Украина Еуроодаққа қосылу туралы өтінішті 2022 жылғы 28 ақпанда өткізіп, төрт айдан кейін үміткер мәртебесін алған.
Қазір Еуропа одағының құрамында 27 мемлекет бар. Тағы тоғыз мемлекет үміткер мәртебесін алып, ұйымға қосылу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.