Түркия Израильді жауапқа тартуды талап еткен жетінші ел. Израиль ХАМАС тобына қарсы әскери операция бастаған. Бұл ұйым АҚШ және Еуропа елдерінде террористік деп танылған. Израильдің әскери операциясына былтыр қазан айында Израильдің оңтүстігіне шабуылы себеп болып отыр.
Түркия президенті Режеп Ердоған Израильді палестиндіктерге қарсы геноцид жасады деп бірнеше рет айыптаған.
ОАР Гаагадағы БҰҰ-ның халықаралық сотына былтыр желтоқсан айында шағымданған. Биыл мамыр айының соңында сот Израильден Рафах қаласындағы соғысты тоқтатуды талап етті.