Ссылки доступа

Түркімен билігі әсіресе әскерге жарамды жастарды Ресейге жібермей жатыр


Түркіменстанның күш құрылымдарына шетелге, әсіресе Ресейге кетпек болған азаматтарды түрлі себептермен тоқтату тапсырылған.

Азаттықтың Түркімен қызметі дереккөздерінің хабарлауынша, полиция бөлімдеріне, көші-қон қызметіне, Ашғабат әуежайындағы шекарашыларға Ресейге бара жатқан жастарды түрлі сылтаумен елден шығармау жөнінде тапсырма түскен. Түркімен билігінің осындай шешім қабылдауға Ресейде түркімен азаматтарын Украинаға қарсы соғысқа баруға үгіттеу жүріп жатқаны түрткі болған.

Ресей бұрынғы совет республикаларынан келгендердің соғысқа баруға келіскендеріне Ресей азаматтығын жеңілдікпен беріп жатыр. Сегіз жылдан бері әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шыға алмай отырған Түркіменстанда Ресейге көшуді аңсайтындар жетерлік.

"Сол себепті Ресейге жолға шыққан жастарды елден түрлі сылтаулармен шығармау жөнінде тапсырма түскен. Оны полицияға, көші-қон қызметкерлеріне, Ашғабат әуежайындағы шекара қызметіне тапсырған" дейді дереккөз.

Оның айтуынша, мұндай шектеу кем дегенде өткен айда басталған. Айта кетерлік жайт, түркіменстандықтар Ашғабат халықаралық әуежайы арқылы ғана шетелге ұша алады.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысында түркіменстандықтар да жүргені мәлім.

“Эту войну я считаю священной”. Туркменистанец воюет в составе ВСУ против российских оккупантов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:06:47 0:00

XS
SM
MD
LG