"Мета платформасы. PKK (ред. Түркияда террорлық ұйым деп есептелетін Күрд жұмысшылар партиясы), YPG (ред. Сириядағы күрдтердің Демократиялық одақ партиясы) және ФЕТО секілді террорлық ұйымдарға тиесілі ақпараттар және насихаттар алынады. Осында қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп қорғалады", - деп жазды Уралоглу.
2 тамызда Түркияның Мемлекеттік технологиялар және байланыс басқармасы елде Инстаграмға кіру шектелгенін хабарлаған.
31 тамызда Түркияның Коммуникация бөлімінің басшысы Фахреттин Алтун X парақшасында АҚШ және Еуроодақ террорлық деп таныған ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Ханияның өліміне байланысты көңіл айту жариялап, Инстаграмның оны алып тастағанын айыптаған.
"Инстаграм әлеуметтік желісін Ханияның шейит болғанына байланысты көңіл білдіруді еш негізсіз бұғаттағанын айыптаймын. Бұл цензура әрекеті", - деп жазған Алтун.
Израиль және Батыс елдері ХАМАС-ты "террорлық қозғалыс" деп есептейді, бірақ Түркия оны террорлық ұйым ретінде танымайды.
Түркияда 2007 жылдан 2015 жылға дейін YouTube, Твиттер, Уикипедия және Фейсбук бірнеше рет сот шешімімен жабылған.
Түркияның 85 млн астам халқының 62 миллионы интернет қолданады. Олардың 54 миллионы әлеуметтік желіні тұрақты пайдаланады.