Қаулыны судья Артур Энгорон шығарды, деп хабарлады Reuters.
Нью-Йорктың бас прокуроры Летиция Джеймс экс-президентті алаяқтық жасады деп айыптап, 2022 жылғы қыркүйекте сотқа жүгінген. Трамптың негізгі компаниясы - The Trump Organization он жыл бойы қаржы органдарын алдап келген, сөйтіп несие мен мен сақтандыру қызметтерін жеңілдікпен алып отырған.
26 қыркүйекте қабылданған сот шешімі түпкілікті үкім емес. Штат прокуроры Летиция Джеймстің азаматтық шағымын қарау 2 қазанда жалғасады.
Бұл Дональд Трампқа қарсы қозғалған істің біреуі ғана. Биыл оған төрт түрлі айып тағылған.