Мұндай статистиканы Тәжікстанның кеден қызметі айтты. Ал Талибан үкіметінің мәліметінше, бұл көрсеткіш бір жарым есеге төмен.
Тәжікстан кеден қызметінің өкілі Лутфулло Хасанзоданың сөзінше, 2024 жылдың алғашқы алты айында Тәжікстан Ауғанстанға 42,4 млн доллардың тауарын экспорттаған. Ал керісінше ауған тауарын импорттау көлемі 3,5 млн доллар болған. Хасанзода екі елдің сауда айналымы былтырғы жылмен салыстырғанда 23 млн долларға артты дейді.
Тәжікстаннан Ауғанстанға цемент, жеміс, көкөніс, көмір және электроэнергия экспортталған. Ал Ауғанстаннан Тәжікстанға ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілген.