Ақпаратқа сәйкес, ресейліктердің дені виза талап етпейтін елдерге кеткен: Арменияға (110 мың), Қазақстанға (80 мың) және Грузияға (74 мың). Бұдан бөлек орыс азаматтары жаппай АҚШ-қа қоныс аударып, 48 мың адам босқын мәртебесін сұраған. 80 мың адам тарихи отаны Израильге көшіп кеткен.
Еуропа елдері ішінен 36 мың ресейлік Германияға, 30 мыңы Сербияға, 16 мыңы Латвияға, 12 мыңы Испанияға және тағы 12 мыңы Нидерландтқа барған.
Ресейліктер эмиграциясы үшін Түркия да танымал бағыттардың бірі болған. Бірақ бұл ел орыс азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат бермегендіктен, олар басқа елдерге көшкен. The Bell атап өткендей, соғыс басталғаннан бері 28 мың ресейлік Түркияда тұрақты тұруға рұқсат алған.
Кипр мен Португалия аймағында қанша ресейліктер бары жөнінде ресми мәлімет берген емес. ХАМАС-тың шабуылынан кейін де Израильден кеткен орыстар саны белгісіз.