Бұған қоса сот Котлярға пәтеріне жаңа адамдарды тіркеуге тыйым салды.
Бұның алдында прокурор сотта құқық қорғаушыға бір жарым жыл түрме жасазын сұраған.
Котляр Ресейде тіркеле алмай жүрген азаматтарды өз пәтеріне тіркеп келген. Құқық қорғаушының үстінен осымен жетінші мәрте қылмыстық іс қозғалып отыр. Ең соңғы іс 2023 жылғы күзде ашылған. Былтыр жазда да сот оған 600 мың рубль айыппұл салған.
«Мен адамдарға көмектесу үшін оларды пәтеріме тіркеймін. Тіркеусіз тіпті Ресей азаматтарының құқығын қорғау қиын. Сол үшін мені соттап жатыр. Мысалы, ВИЧ кеселіне шалдыққан бір азамат маған жүгінді. Ол ескір паспортын жоғалтып, жаңасын тіркеусіз алған. Бірақ оған дәрі алу үшін тіркеуде тұру қажет» дейді Котляр.