Ссылки доступа

Ресейде прокурор мигранттарға көмек көрсеткен құқық қорғаушыға бір жарым жыл жаза сұрады


Обнинск қаласындағы сот отырысында прокурор 72 жастағы құқық қорғаушы Татьяна Котлярды бір жарым жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ол Ресей және шетел азаматтарын жасанды түрде тіркеу ісі бойынша айыпталып жатыр. Бұл жөнінде "ОВД-Инфо" тобы хабарлады. Сот шешімі 18 наурызда шығады.

"Бұл мен үшін қорқынышты емес. Бірақ мен жамбас сүйегі сынып, төсек тартып жатқан күйеуіммен бірге тұрамын. Ол көмекке мұқтаж. Оны жалғыз қалдыруға болмайды", - деді құқық қорғаушы.

Котляр – "Адам құқықтары үшін" қозғалысының Калугадағы бөлім жетекшісі. Ол өзінің пәтерлеріне тіркеуден өте алмаған адамдарды тіркеп, көмектесіп келе жатқанымен белгілі.

"Адамдарға көмек беру үшін оларды үйіме тіркеймін. Тіркелмеген Ресей азаматтары да түрлі қиындықтарға тап болып жатады. Мысалы, маған ВИЧ-пен ауырған адам қайрылды. Ол паспортын жоғалтып алған. Оған жаңасын бермеген. Құжатсыз ол дәрі-дәрмек сатып ала алмайды", - деді Котляр.

Бұл Котлярға қарсы қозғалған жетінші қылмыстық іс. Бұған дейін оған айыппұл салынып келген. Соңғы рет оған 600 мың рубль айыппұл салған. Ақпан айында сот Котлярға пәтерінің біріне алты, екіншісіне бес адамнан артық тіркеуге тыйым салған.

XS
SM
MD
LG