Ссылки доступа

Ресейде тағы 20 бап бойынша мигранттарды елден шығару ұсынылып жатыр


Ресейде шетелдіктерді елден шығару заңдарын күшейту ұсынылып жатыр. Бұл жөнінде Интерфакс агенттігі ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, мекеме Әкімшілік тәртіп бұзулар жөніндегі кодекске шетелдіктерді қандай да бір заңдарды бұзды деген негізде өлкеден шығаруға мүмкіндік беретін 20 бап кіргізу ұсынылды.

ІІМ қазіргі уақытта Ресейде шетелдіктердің қатысуымен 235 мыңдай әкімшілік тәртіп бұзу ісі тіркелгенін атап өтті.

Министрлік кодекске ұсынып жатқан 20 баптың дені қоғамдық тәртіп, оның ішінде экстремизмге қарсы күрес бойынша екенін атап өтті.

"Бұл шетел азаматтарын Ресейден мәжбүрлі түрде шығаруды тездетуге мүмкіндік береді", - деп жазылған ІІМ мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG