Үкім наурызда шығып қойған, алайда бұл туралы 29 шілдеде мәлім болып отыр. Шарипов тергеу изоляторынан Душанбедегі колониялардың біріне жөнелтілген.
Оған тыйым салынған ұйыммен байланыс орнатты, соны насихаттады деп айыптаған. Тәжікстанда «24 тобы» қозғалысы мен Тәжікстан ислам өркендеу партиясы экстемистік ұйымдар деп танылған.
Аслиддин Шарипов 2016 жылдан бері Ресейде тұрған. Оны тәжік билігінің сұрауымен 2022 жылғы қыркүйекте ұстап, 2023 жылғы қазанда елге экстрадициялаған. 2022 жылы Ресей Жоғарғы соты да Тәжікстан ислам өркендеу партиясын террористік ұйым деп танып, оның қызметіне тыйым салған.
Құқық қорғаушы ұйымдар Шариповтың қудалануын оның бауыры Шавкат Мұхаммадтың қызметімен байланыстырды. «Олар бауырымды менің аузымды жабу үшін ұстаған» деген Мұхаммад.
Тәжікстанда сот "Паем ТВ" оппозициялық телеарнаның директоры Шавкат Мұхаммадтың бауыры Аслиддин Шарифовты 12 жылға соттады. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.