Бұған қоса, судья саясаткер ақпаратты жарияламау туралы тәртіпті тағы бұзатын болса түрмеге қамалуы мүмкін екенін ескертіп өткен.
Тоғыз мың доллар айыппұл Трамптың интернетте тоғыз түрлі мәлімдемесіне орай салынған. Судья Хуан Мерчанның айтуынша, саясаткер әрекеттері оның мәліметті жарияламау туралы жарлығын бұзған.
Мерчан осындай әрекеттерді тоқтату үшін айыппұл салу аз болуы мүмкін екенін ескертіп өткен. Алайда ол бұдан ауырырақ жаза қолдануға құзыреті жоқтығына өкінген.
АҚШ тарихында алғаш рет бұрынғы президентке қарсы қылмыстық процесс жүріп жатыр. Дональд Трампқа 2016 жылғы президент сайлауы нәтижесіне ықпал ету мақсатында іс құжаттарын бұрмалады деген айып тағылған.
Атап айтқанда, осы істе саясаткер порноактриса Сторми Дэниэлске жыныстық байланысы болғанын айттырмау үшін 130 мың доллар төлеген деген де айып бар. Трамп Дэниэлспен жыныстық байланыста болған, сонымен бірге сайлау қорындағы ақшаны заңсыз пайдаланды деген айыптарды жоққа шығарып отыр.