Ссылки доступа

Петербург соты автобусы өзенге құлаған компания басшысын қамауға алды


Санкт-Петербургтың Октябрь аудандық соты 10 мамырда автобусы Мойка өзеніне құлап кеткен "Такси" компаниясының қожайыны Жахангир Адалет ұлын 10 шілдеге дейін қамауға алды.

Ол қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсетті деп айыпталып жатыр.

10 мамырда Санкт-Петербург қаласында жолаушылар таситын қоғамдық автобус жолаушыларымен Мойка өзеніне құлап кетті. Апаттан жеті адам қаза тапты. Жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр екенін, апат кезінде автобус салонында 20 жолаушы болғаны хабарланған.

Жүргізушінің өзі екі айға қамауға алынды. Ол кінәсін мойындап, тежеуіші бұзылған автобусты жүргізгенін мойындаған.

XS
SM
MD
LG