НАТО бұл шешімді келесі аптада Вашингтонда өтетін саммитте бекітуі мүмкін.
Осыған дейін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг одақтастарын Киевке әскери көмек ретінде соғыс басталғалы жылына 40 млрд еуроаны бөлуді жалғастыруды сұраған.
Агенттік дереккөзінің мәліметінше, НАТО елдерінің бәрі бұл ұсынысты қолдамаған. Бірақ саммитте талқылауды жөн көрген.
Олар сонымен бірге келесі жылға дейін қай ел қандай көмек жіберетіні жөнінде екі есеп дайындауға келіскен.