Тәжік кәсіпкерлерінің айтуынша, түрік визасын алу үшін екі айға дейін уақыт кетеді. Осыдан кейін саудагерлер визасыз басқа елдерден тауар тасуға көшкен.
Осыған дейін Түркиядан тауар тасып келген Саидакбар есімді кәсіпкер виза режимінен кейін Қытай және Өзбекстаннан тауар әкеле бастаған.
Расул Холиков есімді тәжік саудагері қазір Түркияға бару үшін виза күтіп жатыр.
Тәжікстан азаматтары үшін түрік визасының бағасы 60-190 долларды құрайды.
Түркия билігі Тәжікстан азаматтары үшін виза режимін биыл сәуір айында кіргізген.
Былтыр екі ел арасындағы сауда байланысы 363 миллион долларды құраған.