Ссылки доступа

АҚШ Украинаға 700 млн доллардан астам қаражат бөледі


АҚШ Украинаға энергосистеманы қалпына келтіру, гуманитарлық қолдау және миналарды тазалау үшін 700 млн доллардан астам қаражат бөледі. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевтегі баспасөз жиынында мәлімдеді.

Оның сөзінше, Украинаның энергетика жүйесін қалпына келтіруге 325 миллион доллар бөлінеді, бұл мәселе G7+ тобының өкілдерінің кездесуінде де талқылынады. Тағы 290 миллион доллар гуманитарлық жәрдемге - үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған украиндерді ауыз су, тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бөлінеді. Миналардан тазалауға АҚШ 102 миллион доллар бөледі.

Блинкен мен Британия сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми 11 қыркүйекте Киевке барған. Ұлыбритания өз кезегінде Украинаны қолдау үшін кемінде 800 миллион доллар бөлетінін жариялады.

XS
SM
MD
LG