Ссылки доступа

Сот құпия құжаттар бойынша Трампқа қарсы қозғалған істерді тоқтатты


Дональд Трамп
Дональд Трамп

Флорида соты құпия құжаттарды заңсыз сақтау бойынша АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қарсы қозғалған істі тоқтатты. Бұл жөнінде "Америка үні" радиосы мәлімдеді.

Мұндай шешімді Трамптың ұсынысымен судья болған Айлин Кэннон шығарды. Ол арнайы прокурор Жек Смит заңсыз дайындалған және істі тергеуге құқығы болған емес деген тоқтамға келген.

Смитті АҚШ бас прокуроры Меррик Гарланд тағайындаған. Сот жоғарғы федералдық шенеунікті тағайындауға президент пен сенат ғана құқықты деп шешті.

Трамп құпия құжаттарды заңсыз сақтаған, жалған мәлімдеме жасаған деп айыпталған.

15 шілдеде Висконсин штатында Республикашылдардың ұлттық құрылтайы басталады. Онда Трамп президенттікке ресми түрде үміткер болып, вице-президенттікке кімнің үміткер болатыны айтылады.

XS
SM
MD
LG