Хакерлер қорғаныс секторына қатысы бар, атап айтқанда суасты қайығын, әскери ұшақтар шығаратын ірі компаниялардың компьютер жүйесін бұзған. АҚШ Федералды барлау қызметі қауіптің әлі сейілмегенін, хакерлер Жапония мен Үндістан компанияларына шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертеді.
Хабарламада Пхеньянның құпия құжаттарға қол жеткізген-жеткізбегені әзірге белгісіз делінген.