Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Агенттік мәліметінше, 2021 жылы Цукерберг Facebook метаәлемін құрғысы келетінін жариялаған. Кәсіпкер идеясы жүзеге аспай қалған жағдайда, ол 100 миллиард доллар таза капиталынан айрылуы мүмкін еді. Бірақ инвесторлар Маркқа сенім артқан, сөйтіп оның метаәлемі табыс әкеле бастаған.
Meta акцияларының бағасы шарықтап өсіп, екі жылда Цукерберг байлығы алты есе артып, 201 миллиард долларға жеткен.
2022 жылғы қарашада Meta акцияларының бір данасы 90 доллардан сатылған. Қазір бір ғана құнды қағаз кемі 560 доллар тұрады.