Бұл туралы Еуроодақ және Тәжікстан әріптестігі комитетінің 16 шілдеде Душанбеде өткен отрысында сөз болды. Мәлімдемені Еуроодақтың Тәжікстандағы өкілдігі таратты.
«Еркін бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз әрі белсенді азаматтық қоғам демократияны дамыту үшін қажет» делінген мәлімдемеде.
Тәжікстан билігінің Еуроодақ үндеуіне қалай деп жауап бергені белгісіз.
Еуроодақ мәлімдемесінде 2022 жылғы мамырдағы Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы оқиғалар туралы сөз болған. Сол кезде аймақта халық көтерілісі күшпен басылып, 34 адам өлтірілген. Содан кейін ондаған адам ұсталып, ұзақ мерзімдерге сотталған. Олардың арасында азаматтық белсенділер көп.
2022-2023 жылдары Тәжікстанда сегіз журналист пен блогер сотталған. Осы уақыт аралығында бірнеше құқық қорғаушы мен азаматтық белсенді түрмеге түскен.