Айыпталушылардың бірі Мұхаммад Шарифзоданың қамаудағы мерзімі қарашаға дейін ұзартылғаны белгілі болды.
Тергеу комитетінің мәліметінше, ол кінәсін жартылай мойындаған, тергеу ісіне көмектесуге келіскен. Бұл "жаңа айыпталушылар болуы мүмкін" деген мәліметке негіз болған.
"Крокустағы" терактіге байланысты 14 тәжік азаматы қамауға алынған.
Биыл наурызда "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактіде кемінде 144 адамның өмірі қиылды.