Ссылки доступа

"Болашақтағы" жанжал: мемлекет есебінен білім алған журналист қайтып оралмаған


Скандал в "Болашаке": кто должен платить за учебу казахстанской журналистки в Великобритании?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:40 0:00

"Болашақ" – қазақстандықтарға мемлекет есебінен шетелде білім алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Оның міндетті шарты бар, шетелде білім алғаннан кейін, елге оралып, бес жыл жұмыс істеуі тиіс.

Егер олай болмаса, оқуға кеткен шығынды қайтарып беруі тиіс.

Белгілі болғандай, "Болашақ" орталығының қызметкерлері бағдарлама түлектерінің бірі, 24.KZ мемлекеттік телеканалының бұрынғы жүргізушісі Валерия Гавриленкоға бұл ережеден айналып өтуге көмектескен. 70 000 доллар қарызын кепіл болған екі журналистке аударып қоюға әрекет еткен.

Гавриленко 2016 жылы "Болашақ" бағдарламасы шәкіртақысының иегері болған. Ұлыбританияда бірнеше жыл оқығаннан кейін, міндетін орындамай, елге оралмаған. Ол әріптестеріне, қаржылық жағынан кепілдік берген екі журналистке ештеңе айтпаған.

Нәтижесінде "Болашақ" Гавриленконың екі пәтерін бұғаттаған. Бірақ 2019 жылы Гавриленко Қазақстанға қайтып келіп, шектеуді заңсыз түрде алдырған.

Кейін "Болашақ" журналистің қарызын оған кепілдік берген әріптестері Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаевтан талап еткен.

Гавриленко "Болашаққа" 70 мың доллар қарыз және орталық талабына сәйкес, грантты қайтарып беруі керек. Әріптесіне кепіл болған журналистердің мұндай ақшасы жоқ, олар қазір пәтерімізден айырылып қаламыз ба деп қорқады.

Қазақстанның жоғарғы білім беру министрі Саясат Нұрбек 30 мамырда Гавриленко ақшаны түгел қайтаруға уәде берді деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG