Ресейге жеткізілген өнер туындыларының жалпы құны 36 милион доллар. Bek Broker қызметін тұтынушылар арасында ресейлік қару сатушы Мкртич Окроян, басып алынған Марипуль қаласын қайта тұрғызушы Алексей Репик бар.
2023 жылдың басында Нидерландтағы Флиссинген портында Kortmann Art Packers and Shippers B.V. компаниясының жұмысшылары өнер туындыларын орап, Амстердам әуежайына жеткізумен айналысқан. Қызмет ақысын Nawton Ltd компаниясы төлеген.
Nawton Ltd компаниясын желіге жарияланып кеткен Panama Papers құжаттарынан кездестіруге болады. Осы компанияға тиесілі ұшақты Владимир Путиннің қызы Катерина Тихонова пайдаланған. Офшордағы компания қожайыны ресейлік кәсіпкер Алексей Репик екені мәлім. Ол "Р-Фарм" фармацевтикалық фирмаға, басып алынған Мариуполь қаласын қайта тұрғызумен айналысатын "Р-Строй" құрылыс компаниясына иелік етеді.
Өнер туындылары Амстердамнан Ташкентке, ал үш күннен кейін Мәскеуге жөнелтілген.
Оларды Ташкенттен Ресейге жеткізумен жергілікті Bek Broker логистикалық компаниясы айналысқан.
Ресейлік кәсіпкерге Ұлыбритания, Австралия және Канада санкция салған.
2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украина аумағына басып кірген соң Еуроодақ, АҚШ, Швейцария және басқа да елдер бағалы заттардыРесейге жеткізуге тыйым салған.