Ауылдағы тұрғын үйлердің көбі бұзылды немесе тұруға жарамсыз болып қалды.
Құрбонгүл Әлихонова құжаттарын алып шығуға ғана үлгерген. 25 мамырда таңертең Сурхоб аулының көптеген тұрғыны тау етегіндегі қауіпсіз жерді паналауға мәжбүр болған. Енді Құрбонгүл қираған үйін алыстан ғана бақылай алады.
«Осында келіп, үйімізді қарап тұрамыз. Клубта немесе мешітте ұйықтаймыз. Жаңбыр жауып, артынша сел жүрді. Бәрі жарты сағаттың ішінде болды. Мен құжаттарымды алып шығуға ғана үлгердім» дейді ол.
Таңертең таудан жүрген сел қышлақты төрт жақтан басып қалған. Ауылға кіретін жолдар да бүлінген. Жергілікті билік табиғат апатының зардаптарын есептеп жүр. Содан кейін ғана көмек берілуі мүмкін. Алайда тұрғындар көмекке қатты зәру екенін айтып отыр.