Ресейде түрлі себептермен ата-ана қамқарлығынсыз қалған 14 бала 1 қыркүйекте Өзбекстанға оралды. Бұл туралы Өзбекстан ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі хабарлады.
Балалар омбудсмені баспасөз қызметінің мәліметінше, осының алдында Ресейде қараусыз қалған 22 бала елге оралған. Тағы үш бала Қазақстаннан алдырылған.
Балаларды елге қайтарып жатқан Өзбекстан билігі олардың нақты қандай себеппен ата-ана қамқорлығынан айрылып қалғанын түсіндірмеді.