Ссылки доступа

Францияда Ресейдің бір азаматы Олимпиада кезінде тәртіпсіздік жасамақ болды деген күдікпен ұсталды


Франция ІІМ Ішкі қауіпсіздік бас басқармасының қызметкерлері жексенбі күні 40 жастағы бір ресейлікті ұстады. Оның аты-жөні жарияланбады.

Парижде Ресейдің бір азаматы Олимпиада ойындары кезінде «тәртіпіздік жасамақ болған» деген күдікпен қолға түсті. Бұл туралы AFP француз прокуратурасына сүйене отырып хабарлады.

Сейсенбі күні оған шетел мемлекетінің мүддесі үшін барлау жасады, Францияда араздық туғызбақ болды деген айып тағылған. Ол 30 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Le Parisien мәліметінше, ішкі қауіпсіздік басқармасы ресейлікті бірнеше күн бойы аңдыған, ал 21 шілдеде қолға түсірген. Оның пәтері тінтілген.

Франция ішкі істер министрі Жеральд Дармененнің мәлімдеуінше, шет мемлекет мүддесі үшін жұмыс істеуі мүмкін мыңға жуық азамат Олимпиадаға жіберілмеген.
Осының алдында Франция билігі Ресей, Беларусь және басқа да елдерден Олимпиадаға журналист, физиотерапевт және техникалық қызметкер ретінде барғысы келген жүзге жуық адамды жібермей қойған.

Жазғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілдеде басталып, 11 тамызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG