Онда Ресейдің Федералдық жазаны атқару қызметі "түрмелердегі кепілге алу бойынша жаңа оқиғалардың алдын алу үшін ойластырып жатқаны" жазылған.
Басылым дереккөзінше, Мордовия республикасындағы ИК-17 түрме жетекшілігі жазасын өтеп жатқан шетелдіктерге отанына аударуды сұрап арыз жазуды ұсынған.
Дәл осы түрмеде Қырғызстанның үш азаматы, Беларусьтың бір азаматы отанына аударуды күтіп жатыр.
Адвокат Евгений Смирнов атап өткендей, түрмедегілерді еліне депортация жолымен аударуы мүмкін.