Ссылки доступа

Волгоград соты тәжік азаматын «ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін» ұстап, елден шығару жөнінде шешім қабылдады


Ресейде Волгоград аудандық соты транс тұлға, Тәжікстан азаматы Самим Рахманқұлды «ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін» 15 тәулікке қамау, елден шығару жөнінде үкім қабылдады. Бұл туралы Кавказ.Реалии басылымы жазды. 

Іс материалдарына қарағанда, Рахманқұл "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне суреттерін жүктеп, секс қызметін ұсынған. Сот оны «ЛГБТ-ны насихаттау» деп есептеген.

Рахманқұл кінәсін мойындаған, бірақ Конституцияның 51-бабына сүйеніп, өзіне қарсы куәлік етуден бас тартқан.

Ресей Жоғарғы соты былтыр қарашада «ЛГБТ халықаралық қоғамдық қозғалысын» «экстремистік ұйым» деп таныған. Сарапшылар мұндай ұйым атымен жоқ деп отыр. Соған қарамастан, елде «ЛГБТ насихаты» үшін қудалау күшейген.

2024 жылғы наурызда 19 және 24 жастағы екі қызға «ЛГБТ-ны насихаттады» деген айыппен 50 мың рубль айыппұл салынған. Олар кафеде сүйіскен видеосын әлеуметтік желіге жариялаған.

XS
SM
MD
LG