Ссылки доступа

"Сахарово" инспекторлары ұсталған мигранттардың туыстарынан пара алған


Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеу шетіндегі Сахароводағы шетелдіктерді уақытша ұстау мекемесін тексере бастады.

Тергеу комитетінің өкілі Юлия Иванова тергеу ісі алаяқтық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жүріп жатыр.

РБК басылымы "Сахарово" қызметкерлері ұсталған шетел азаматтарының туыстарынан пара алып отырғанын жазған.

Shot телеграм-каналының жазуынша, орталықтың 33 және 58 жастағы инспекторлары мигранттарды туыстарымен кездестіру үшін бес мың рубль, ал үйіне жіберу үшін 30 мың рубль алып отырған. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG