Ссылки доступа

Новосибирск: вице-губернатор мигранттардың балаларын "Юнармияға" жіберуді ұсынды


Новосибирск облысының вице-губернаторы және аймақтық саясат министрі Андрей Клюзов мигранттардың балаларын орыс қауымдастығына араластыру үшін "Юнармияға" жіберуді ұсынды. Бұл жөнінде "KSOnline" басылымы жазды.

Клюзов оқушылардың көбін мигранттардың балалары түзейтін Хилокс ауданындағы №66 мектепті мысал келтірді.

"Бұл мектепте көрші елдерден келген балалар көп оқиды. Олар орыс тілін жақсы білмеуі мүмкін. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар балаларын басқа мектепке ауыстырып жатыр", - деді Клюзов "Сибирь – территория мужества" атты бағдарламаға арналған баспасөз жиынында.

Оның сөзінше, мигранттардың балаларын "Юнармияға" жіберу арқылы оларға әскери -патриоттық тәрбие беру керек.

№66 мектеп – Новосибирсктегі ескі мектептердің бірі. Ондағы оқушылардың 75% мигранттардың балалары құрайды.

XS
SM
MD
LG