Бұл жөнінде 72.RU сайты дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
"Ол Астанада тұрып жатқан. Оны сол жақтан ұстап, Приозерск қаласына жеткізіп, кейін Ресейге алып кетті. Ол кінәсін мойындады", - делінген.
Қасымов 2023 жылы Украинаға қарсы соғысқа қатыспау үшін Ресейден қашып кеткен. Биыл 23 сәуірде оның жұмысына төрт белгісіз адам келіп, сөйлесіп, көлікке салып алып кеткен.