Ссылки доступа

Зерттеу: Интерполдың тәжік бюросы директорының Дубайда жылжымайтын мүлкі бар


Шахриёр Назриев
Шахриёр Назриев

Зерттеуші журналистер Интерполдың Тәжікстандағы ұлттық бюросы директоры Шахриёр Назриевтің Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлкі барын анықтады.

Зерттеуге қарағанда, Назриевтің Душанбеде төрт пәтері, елдің оңтүстігінде бір үйі, сонымен бірге Дубайдың қымбат аудандарының бірінде апартаменттері бар.

Журналистік зерттеуді 26 маусымда Azda TV телеарнасы мен Сыбайлас жемқорлықты, ұйымдасқан қылмысты зерттеу жөніндегі орталық (OCCRP) жариялады. Материалда Назриев 2012 жылы Дубай қаласында орналасқан пәтерді 120 мың долларға сатып алғаны айтылған.

Шахриёр Назриев танымал ғалым әрі әнші Журабек Назридің ұлы. Ол отызға жуық уақыт бойы Тәжікстан құқық қорғау органдарында істейді.

Тәжікстан – халықаралық көмекке зәру постсоветтік ел. Сол себепті тәжік шенеуніктері мен олардың туыстарының шетелде қымбат мүлкі бары зерттеуші журналистердің назарына іліккен. «Тәжікстанда құқық қорғау органдарының қызметкері Дубайда 120 мың долларға бір пәтер сатып алу үшін қырық жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуі керек» деп жазды зерттеушілер.

XS
SM
MD
LG