Заңсыз қару қолдану бабы бойынша 54 жастағы кіші Байден 25 жылға дейін түрме жазасына кесіліп, 750 мың доллар айыппұл салуы мүмкін. Бірақ заңгерлер ол бұрын-соңды сотты болмағаны үшін жеңіл жаза берілуі мүмкін деп болжайды.
Делавэр штатының округтік сотының судьясы Мэриэллен Норейка үкім шығу процесі 120 күнге созылуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл жөнінде CNN хабарлады. Сот үкімі биыл қазан айында президент сайлауы алдында жариялануы мүмкін.
Алқа билер өздерінің кесімін айтқан соң сот залына АҚШ-тың бірінші ледиі Джилл Байден келді. Джо Байден болса, бұл іске қатысты ешқандай пікір білдірмеді және сот процесіне қатыспады.