Ссылки доступа

Тәжікстанда диқандарды мақта егуге мәжбүрлеп жатыр


Соғды облысының диқаны
Соғды облысының диқаны

Тәжікстанның солтүстік өңіріндегі диқаншылары билік мақта егуге мәжбүрлеп жатыр деген шағым айтты.

Соңғы жылдары жоңышқа өсіріп келген Соғды облысының Мирзобек Одинаев атты тұрғыны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұйрығымен жоңышқасын шауып, орнына мақта егуге мәжбүр болғанын білдірді.

"Жоңышқаның орнына мақта егу үшін 2 мың сомониге жақын қаржы керек. Жер қатып қалғандықтан, қайтадан трактор шақыруға тура келді. Бұдан бөлек жұмысшыларға төлеу үшін 2 мың сомони керек. Бұл шығындардың бәрін ешкім өтеп бермейді", - дейді ол.

Махмуд Курбонов есімді тұрғын билік мақта егу талабын өте кеш қойып жатқанын айтады. "Егер бұл бұйрық қаңтар не ақпан айларында айтса, біз бірден мақта егуші едік ғой. Енді жоңышқаны шауып, мақта егіп жатырмыз. Жоңышқа себуге мен 6 мың сомониге жақын қаражат жұмсадым", - деді ол.

Жергілікті ауыл шаруашылығы басқармасының төраға орынбасары Нарзулло Боймирзоев телефон арқылы берген сұқбатында бұл мемлекеттік стратегияның бір бөлігі екенін айтты:

"Мақташылық – бұл мемлекеттік стратегияның бір бөлігі. Бізде жоспар бар. 12 мың гектар жерге мақта егуіміз керек. Диқандар өздерін ғана ойлап, жоңышқа өсіріп жатыр. Бұл жерде салық та, зейнеттік төлемдер де бар".

Осының алдында ел президенті Эмомали Рахмон өлкенің солтүстігінде мақта өсіруді қысқартып жатқанына алаңдаушылығын білдірген. Ол Соғды облысында 2022 жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға аз жерге мақта егілген.

XS
SM
MD
LG