Ссылки доступа

Тәжікстанда банкирдің өліміне айыпталғандар өмір бойы түрме жазасына кесілді


Шурхат Исматуллоев
Шурхат Исматуллоев

Тәжікстанның Жоғарғы соты "Ориёнбанк"басшысының бұрынғы орынбасары Шухрат Исматуллоевты өлтірді деп айыпталған 14 адамның бесеуі өмір бойы түрме жазасына кесілді. Бұл туралы "Озоди" радиосы дереккөзіне сүйеніп хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, ең жоғарғы жаза Дилшод Саидмуродовқа, Камаруззамон Азизов, Акбар Ахмадов, Бахтовар Сафаров және Шохрух Хужаевқа берілген. Қалған тоғыз айыпталушы 1 жылдан 8 жылға дейін сотталды.

Қаңтар айында басталған сот отырысы жабық өтті.

Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон қылмысқа қатысы бар адамдардың жалпы 18 екенін, олардың екеуі іздеуде жүргенін, тағы екеуі қаза болғанын (біреуі тергеу абақтысында) ақпан айында білдірген.

49 жастағы Шухрат Исматуллоевты былтыр 23 маусымда ұрлап әкеткен. Бас прокуратура оны ұйымдасқан қылмыстық топ көлікке күштеп салып, азаптап өлтіргенін мәлімдеген. Марқұмның денесі тек екі айдан кейін табылды.

XS
SM
MD
LG