Ссылки доступа

Тәжікстанда селден зардап шеккен тұрғын үш айдан бері ашық аспан астында тұрып келеді


Фотима Рахмонова
Фотима Рахмонова

Тәжікстанның Восей ауданындағы Кучабог ауылының тұрғыны Фотима Рахмонова үш айдан бері ашық аспан астында түнеп келеді. Биыл жазда селден оның үйі қирап қалған.

Фотима Рахмонованың үйі жазда селден ең көп зиян шеккен ауылдағы төрт үйдің бірі. Билік келген шығынды 83 мың сомони (8 мың доллар) деп бағалаған.

Жергілікті билік өкілдері селден кейін Рахмоноваға 80 қап цемент берілгенін, үйін жөндеп беруге жоспары бар екенін білдірді.

Фотиманың сөзінше, билік оған бір жолғы жәрдем ретінде 800 сомони және ұн, өсімдік майын берген.

Восей ауданы басшысы Жамшед Шарифзода селден зардап шеккендерге жәрдем беріледі деді.

Биыл жазда Восей ауданында 18 рет сел жүріп, 200 үй зардап шекті.

XS
SM
MD
LG