Тексеру барысында Ресей азаматтығын алған бірнеше ондаған мигрант әскери комиссариатқа шақырту алды.
Басылым мәліметінше, "Щелковская" метросы маңындағы автовокзал, көкөніс базары және Мәскеудің шығысындағы хостелдер тексерілді.
Осының алдында дәл осындай рейд Мәскеу облысының Серпухов және Чехов қалаларында ұйымдастырылған. Әскери тергеушілер әскери тіркеуде жоқ ондаған бұрынғы мигрантты анықтаған.
31 шілдеде мемлекеттік дума Ресей азаматын қабылдағандарды әскери тіркеуге алуды міндеттейтін заңды бірден үш оқылымда қабылдаған. Талапты орындамағандар азаматтықтан айрылады.
Заңның Ресей азаматтығын алған мигранттарға көп әсері бар. Олар Украинаға қарсы соғысқа барғысы келмесе, Ресей азаматтығынан айрылуы мүмкін.
Осы заң қабылданғаннан кейін Ресейде мигранттарды тексеру жиіледі. Күш құрылымдарының өкілдері мигранттарды ұстап, оларды әскери тіркеуге алды. Былтыр желтоқсанда шетел азаматтарын әскери тіркеуге тұрмағаны үшін Ресей азаматтығынан айыра бастағаны мәлім болды. Олардың дені - Орталық Азия елдерінен барған мигранттар.