Заң жобасында депортациялау шешімі қабылданған және Ресейде жүруге рұқсаты жоқтарды шығарып, сонымен бірге ел аумағында жүрген мигранттарды да шығару құқығына ие болады.
Оларға елден шығарылғанға дейін Ресейде көлік сатып алуға, неисе алуға, Ресей аумағында еркін жүруге, отбасын құруға, банктерден есеп-шот ашуға тыйым салынады.
Ондай мигранттар ерекше бақылауға алынып, полицияға жүріп-тұрғандары жөнінде есеп беріп отыруға міндетті.
Құжаттағы ақпаратқа сәйкес, заң жобасы шетел азаматтарын депортациялау және әкімшілік шешіммен елден шығару механизмдерін унификациялауға бағытталғаны, бұл соттардың уақыты мен шығын азайтуға себеп болатыны жазылған.
"Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактіден кейін Ресейде мигранттарға бақылау күшейді.