Қара тізімдегілердің үштен екісі соғыс басталғанға дейін армиямен байланысы жоқ адамдар: еріктілер, мобилизацияланғандар, түрмеде жаза өтеушілер және жекеменшік әскери компания жинаған жауынгерлер. Мобилизацияға ілігіп, майданда өлген 5406 адамның 80 пайызы соғыстың екінші жылы қаза болған.
Краснодар өңірі, Свердловск облысы, Башқұртстан және Челябинск облысы соғыста өлгендер саны жөнінен алда келеді.
Мәскеу мен Киев Украинадағы соғыста қанша адам өлгені туралы мәлімет таратпай отыр. Жанжалдасушы тараптар майдандағы жетістігін әсірелеп, сәтсіздігін азайтып көрсетуге тырысады. Сол себепті журналистер дайындаған қара тізім өлгендер санын анықтау ісіндегі маңызды тәуелсіз зерттеу болып отыр.