Ссылки доступа

Ресейде депутатпен төбелескен мигранттар қамауға алынды


Самара соты Мемлекеттік дума депутатын және оның жүргізушісін өлтірмек болды деген айыппен екі тәжік жіне бір өзбек азаматын қамауға алды. Бұл жөнінде "Свобода" радиосы хабарлады.

Қылмыстық іс қозғауға көшедегі төбелес себеп болған. Онда күдіктілер депутаттың басына ұрып, жүргізушісіне шабуыл жасаған.

Оқиға 18 шілдеде болған. Депутат Михаил Матвеевтің сөзінше, олар көшеде төбелесіп жатқан топтарды тоқтатуға тырысқан. Бірақ топтасқан адамдар оларға қарсы бөтелке лақтырып, өздерін ұра бастаған.

Ал айыпталушылардың адвокаттары оларды босатуды, себебі Ресейдегі әскери парадтарға қатысып жүргенін есепке алуды сұраған.

Бұл іс бойынша Өзбекстанның 19 жастағы азаматы Мурод Мусуров және Ресейдің паспортын алған 16, 19 жастағы тәжік азаматтары айыпталып жатыр.

Айыпталушылар кінәлі деп танылса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG