Ресми мәліметке сәйкес, қазір онда 200-ге жуық әйелдер мен балалар бар.
Тәжік билігі биыл сәуір айының соңында Сириядан 15 әйелді, 17 қызды және 15 баланы Душанбеге алып келген.
Тәжікстанның Кувейттегі елшісі Зубайдулло Зубайдзоданың айтуынша, Сириядан барлық тәжікстандықтарды алып кетуді жоспарлаған. Бірақ тәжік әйелдері балаларының ұрланғанына байланысты қалып қойған. Олар балаларын "Хасба" тобы ұрлап әкеткенін, оларды қайтармай, ешқайда кетпейтінін білдірген.
Хасба – радикал топ. Ол "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының діни полициясы ретінде істейді.
Соңғы бес жылда Тәжікстан үкіметі Ирак пен Сириядан 300-ге тарта әйелдер мен балаларды алып келген.
Тәжік билігінің мәліметі бойынша, 2014 жылы ИМ тобы Ислам халифатын құрғанын жариялағаннан бері 2 мыңға жуық тәжік азаматы Сирия мен Иракқа барған.