Ссылки доступа

Таулы Қарабақтағы армяндардың алғашқы тобы Арменияға келді


Таулы Қарабақ аймағынан кетуді қалаған армяндардың алғашқы тобы Арменияға жексенбі күні келді. Бұл туралы Азаттықтың азери қызметі хабарлады.

Олар Арменияның оңтүстігіндегі Сюник аймағындағы Корнидзор ауылына жайғасты. Ол жерде гуманитарлық көмек көрсету орны құрылды.

Бұл жерге сонымен бірге Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде жараланған 23 адам жеткізілген.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян жексенбіде Әзербайжан Таулы Қарабақтағы армяндарға қауіпсіздік кепілдігін берсе, өлке оларды қабылдауға дайын екенін айтқан.

Таулы Қарабақта қазір 120 мыңдай этностық армян тұрады.

Таулы Қарабақтың жікшіл билігі Әзербайжанның әскери әрекеттерінен кейін үйсіз қалған және Таулы Қарабақтан кетуді қалаған отбасылар орыс әскерінің күзетімен Арменияға жеткізілетінін мәлімдеген.

Ресми Баку Қарабақ тұрғындарын қорғауға алып, реинтеграциялайтынын, қару-жарағын тастаған армян күштеріне рақымшылық беретінін айтып жатыр.

24 қыркүйекте Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақта "этностық қуғындау" қауіпі болып жатқанын, аймақтағы армяндардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік Әзербайжан мен Ресей күштерінің мойнында екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG