Ол қолдау көрсеткендерге алғыс айтып, француз полициясы төрт күн бойы тергегенін жазды. Полиция Дуровты "Telegram желісін басқа да адамдардың заңсыз пайдалануына жауапты" деп, әлеуметтік желі әкімшілігі билік "сұрауларына жауап бермегені" үшін ұстаған.
Дуров осындай айып тағылады деп күтпегенін мойындаған. Бұған қоса, ол әлеуметтік желінің Еуроодақта түрлі үкіметтердің сұрауларына жауап беретін ресми өкілі барын, өзі де кезінде француз билігіне терроризм қаупімен күресуге көмектескенін жазған.
"Кейде біз түрлі елдердің үкіметтерімен жеке мәлімет пен қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікке қатысты келіспей қалып жатамыз. Сол кезде біз осы елден кетуге әзірміз. Талай мәрте осылай жасағанбыз. Ресей қолданушының соңына түсу үшін "шифр кілтін" беруді талап еткен, біз тарттық. Соған байланысты Telegram желісіне Ресейде тыйым салынған. Иран бейбіт ереуілге шыққандардың арнасын бұғаттауды талап еткен, біз тағы да бас тартты. Иран Telegram'ға тыйым салған. Қағидаларымыз сәйкес келмейтін елдерден кетуге әзірміз, өйткені ақша үшін еңбек етпейміз" дейді Дуров.
Павел Дуров 24 тамызда Париж әуежайында ұсталды. Төрт күннен кейін сот оған айып тағып, бес миллион еуро көлемінде кепілпұлмен босатты. Кәсіпкер Франциядан кете алмайды. Аптасына екі мәрте полицияда тіркеліп тұруы керек.