Оған сәйкес, Өзбекстан тұтастығына және қауіпсіздігіне ашық түрде қарсы әрекет жасаған, мемлекет аралық, ұлттық, нәсілдік және діни қастықты қоздырған, Өзбекстанның қадыр-қасиетін, ар-намысын және елінің тарихын жаманатты еткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар "жағымсыз" деп танылады.
Мұндай адамдарға Өзбекстанға кіруге, банк есебін ашуға және жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салынады. Егер "жағымсыз" адам Өзбекстанда тұрып жатса, елден шығып кетуге 10 күн беріледі немесе депортация жасалынады. Бұл адамдарға бес жыл бойы еліне кіруге тыйым салынады.