Ссылки доступа

Грузия парламенті ЛГБТ+ өкілдерінің құқықтарын шектейтін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады


Грузия парламенті алдындағы наразылық акциясы. Сайт мұрағатындағы сурет.
Грузия парламенті алдындағы наразылық акциясы. Сайт мұрағатындағы сурет.

Грузия парламенті бейсенбі күні елдегі ЛГБТ+ қауымдастығы өкілдерінің құқықтарын шектейтін заңдар жиынтығы жобасын бірінші оқылымда қабылдады. «Отбасы құндылықтарын» қорғау деген желеумен қаралып жатқан заңдар жинағы 19 заң жобасынан тұрады.

Билік басындағы партияның парламенттегі өкілдері заң жобасын қолдады, оппозиция өкілдерінің басым бөлігі қарсы болды.

Заң жобалары жынысы бір адамдар жұбының бала асырап алуына, кәмелет жасқа толмағандарға қамқоршы болуына тыйым салуды қарастырады. Бұған қоса, жынысы бір азаматтардың некесін, жынысты ауыстыруды «насихаттайтын» жиындар өткізуге тыйым салынады. Мәселен, гей-парадтарға да дәл осы заңмен тыйым салуы мүмкін.

Депутаттар 17 мамырды «Отбасы қасиеті күні» деп белгілеуді де ұсынды. Дәл осы күні әлемнің көптеген елінде Гомофобия мен трансфобия қарсы күрес күн атап өтіліп, ЛГБТ+ қауымдастығын қолдауды көздейтін түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Грузия – Еуроодаққа қосылуға үміткер елдердің бірі. ЕО заң жобасын сынады.

Билік басындағы «Грузин арманы» партиясы заң жобасын парлаиенттің күзгі маусымы кезінде, парламент сайлауы қарсаңында қабылдауды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG